Меню Рубрики

Токпен емдеу электрофорез ?аза?ша

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновацияЛЫҚ технологиялар республикалық орталығы

Емдік факторы: науқастың денесіне түйістіріп салынған электродтар арқылы келтірілетін, төмен кернеуі (30-80 В), күші аз (50 мА дейінгі) — гальваникалық ток.

Дәрілік электрофорез — организмге тұрақты токпен (гальваникалық токпен) және дәрілік заттармен бірге ықпал ету.

Емдеудің физикалық әдістерінің арасында емдік заттар электрофорезі аса кең таралды, өйткені оның организмге дәрілік заттарды енгізудің басқа тәсілдерінен ұтымды ерекшелендіретін, бірқатар өзгешеліктері мен артықшылықтары болады:

  1. дәрілік зат аз мөлшерде енгізіледі (соңғы аталған затты үнемдеу, организмге аз көрсетілген түрде жалпы ықпал ету);
  2. организмге дәрілік затты баяу енгізу мен шығару жүзеге асады, яғни оның организмде біраз сақталып, емдеу әсерінің мейлінше ұзақ болуы орын алады;
  3. әсер етуші препарат қоры құрылады;
  4. дәрілік затты енгізу белсенді (ионды түрде) жүргізіледі;
  5. тұрақты электр тогы мен дәрілік заттың белсенді түрінің тікелей зақымдану ошағына үйлесімді әсері («электр фармакологиялық емдік кешен») орын алады;
  6. тіндердің физиологиялық белсенділігі артады, бұл гальванизацияның биоқуаттандырушы әсер ету механизмдерінің бірі ретінде қарастырылады;
  7. организмге электрофорез арқылы енгізілген дәрілер аллергиялық құбылыстар мен кері реакцияларды ішке және парэнтеральды қолдануға қарағанда едәуір сирек тудырады .

Физиологиялық әсері: орталық және вегетативті нерв жүйесінің функционалды жағдайын қалыптандыру, коронарлық тамырлардың кеңеюі, жүректің функционалды мүмкіндіктерінің жоғарылауы, ішкі секреция бездерінің қызметін ынталандыру, нерв-бұлшық ет аппаратының қозғыштығына әсер етуі. Электрофорез жүргізгенде, дәрілік затты жіберген орында қор пайда болады, бұл препарат әсерінің ұзартылуын, ионды рефлекс пен дәрілік заттар иондары белсенділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Терапиялық тиімділігі: қан айналымын жақсарту, лимфа айналымын қуаттандыру, қоректендіру процестерін белсенділендіру, тіндерде АТФ пен оттегіні ұлғайту, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің артуы, ретикулярлы-эндотелиальды жүйенің белсенділенуі, антиденелер түзілуінің күшеюі, қанда гормондардың бос пішіндерінің артуы және олардың тіндермен ұқсатылуы, қабынуға қарсы, таралу әрекеті, сүйек тінінің қалпына келуін қуаттандыру.

Көрсеткіштері: гингивит, пародонтит (жедел қабынуды жойғаннан кейін), пародонтоз.

Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, жедел қабынған және іріңді процестер, қанның жүйелі аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесі компенсациясының бұзылуы, айқын білінетін атеросклероз, тері жамылғысы тұтастығының бұзылуы, тері жамылғысы сезімталдығының бұзылуы, токты жеке қабылдамаушылық, уланған жағдайлар.

Мөлшерлемесі: гальванизация, дәрілік электрофорез үшін: ток тығыздығы 0,1-0,5 мА/см 2 , балалар үшін 0,05 мА/см 2 , 20-30 минут, 10-12 процедура.

Әдістеме: Катаральды гингивитті емдеуде ісікті қайтаратын, қабынуға қарсы, қоректендіретін әсер тигізу үшін кальций глюконаты, С және РР дәрумендерімен электрофорез тағайындайды (1% ерітінділері; көлденең әдістеме; ұзақтығы – 20 мин.; емдеу курсы – 10-15 емдеу шарасы; ток күші – 3-5 мА).

Ұлғайған гингивитте қатайтушы әсер тигізу үшін гепарин, кальций хлоридінің 10 % ерітіндісінен алынған кальций және хлормен электрофорез қолданады. Созылмалы жайылмалы пародонтитте қабынуға қарсы тиімділік көрсету мақсатында террилитиннің 25% ерітіндісі, лизоцим (25 г лизоцимді физиологиялық ерітіндінің 15-25 мл-де ерітеді), ацетилсалицил қышқылымен (10% сулы ерітіндіге натрий бикарбонатының 10 % сулы ерітіндісін қосады) электрофорез тағайындау тиімді. Бұл кезде қызыл иекті электродтарды, көлденең әдістемені, күші 5 мА токты пайдаланады. Әсер ету ұзақтығы 20 мин, емдеу курсы 10-12 емдеу шарасы). Препарат анодтан жіберіледі.

С дәруменімен жасалған электрофорез капилляр өткізгіштігінің қалыпқа келуіне, талшықты тіндер жүйесінің физиологиялық қабілетінің жақсаруына ықпал етеді. Р дәрумені – қан тамыры өткізгіштігін азайтуға, гиалуронидазаның әсерін тежеуге, капиллярлар беріктігін арттыруға, аскорбин қышқылының ыдырауын болдырмауға ықпал етеді. Сондықтан аскорбин қышқылы мен Р дәруменін катодтан бірге жібереді.

Тиамин бромиді қызыл иектің перифериялық иннервациясын жақсартады және қоректік процестерді қуаттандырады. Оның 1% тримекаин қосылған 2% ерітіндісі қолданылады, анодтан жіберіледі.

В12 дәрумені ілеспелі аурулар болған жағдайда (асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы, созылмалы гепатит, көк тамырлар атеросклерозы, ОНЖ аурулары) белок алмасуын реттеуге ықпал етеді. 100-200 мкг препаратты 2 мл тазартылған суда ерітеді; катодтан енгізіледі.

Ісікті қайтаратын әсерді лидаза (ронидаза) электрофорезі көрсетеді. Қызыл иекті электродтар қолданылады, әдістеме – көлденең. Емдеу курсы — 5-10 емдеу шарасы; 0,1 гр лидазаны немесе 0,5 г ронидазаны 30 мл еріткіште ерітеді. Еріткіш ретінде ацетатты буфер (рН – 5,2) алынады; анодтан жіберіледі.

Вазоктивті препараттар электрофорезі қолданылады. Гливенол қан тамырлары тонусының көтерілуіне ықпал етеді, қабынуға қарсы әсер етеді, қан тамырларының өткізгіштігін бәсеңдетеді; 2% ерітінді қолданылады. 1 капсуланы (400 мг) 25 %-дық 20 мл димексидте ерітеді (16 мл димексид + 4 мд тазартылған су); анодтан жіберіледі. Емдеу курсы – 10-12 емдеу шарасы.

Жергілікті қан айналымын белсенділендіру үшін тренталдың 2% ерітіндісі пайдаланылады; катодтан жіберіледі. Емдеу курсы – 10-12 емдеу шарасы.

Гепарин электрофорезі тіндік зат алмасуды қалыптастырады, микроциркуляцияны жақсартады, гиалуронидазаның белсенділігін бәсеңдетеді, коагуляция, гипоксияға, ісікке, қабынуға қарсы әсер етеді, қалпыну келу процестерін жеделдетеді (белсенділігі 10 000 бірлік 1 флакон гепаринді 30 мл тазартылған суда ерітеді; 1 емдеу шарасына 5 000 бірлік ерітінді алады); катодтан жіберіледі.

Қан тоқтату және қанағыштық белгілерін жою мақсатында фибринолизге қарсы әсері бар препараттар электрофорезін тағайындайды; контрикал, трасилол, ε-аминкапрон қышқылы, 5% ерітіндісін 0,5 мл натрий хлориді изотоникалық ерітіндісінің 2 мл-мен араластырады; анодтан жіберіледі. Емдеу курсы – 10 емдеу шарасы.

Қалпына келу процестерін қуаттандыру үшін хонсуридтің 5% ерітіндісін қолданады (препараттың 1 флаконын 20% димексид ерітіндісінің 1 мл-де ерітеді). Емдеу курсы – 10-12 емдеу шарасы.

Емдік факторы: жиілігі 50 және 100 Гц жартылай синусоидалы тұрақты импульстік токпен әсер ету.

Терапиялық тиімділігі: қан айналымын, тіндердің қоректенуін жақсартады, нерв-бұлшық ет аппаратын қуаттандырады, аурусыздандырушы және қабынуға қарсы әсер етеді, клеткалық, органдық, жүйелі деңгейлердегі бұзылған қызметтерді қалыптастырады.

Көрсеткіштері: пародонттың қабынған аурулары, жүйелі басым сезімталдық.

Қарсы көрсеткіштері: жара болу, пародонт қалталарынан ірің ағуы, эпителиальды қабаттың зақымдануы, қан айналымының айқындалған бұзылуы, қанағыштыққа бейімділіктің болуы, жеке қабылдамаушылық, компенсациясы бұзылған сатыдағы жүрек-қан тамыры аурулары, бүйрек-тас, өт-тас аурулары.

Аппаратурасы: «СНИМ-1», «Модель-717», «Тонус-1», «Тонус-2», «Диадинамик», «Дикамед», «Биопульсатор».

Мөлшерлемесі: сеанстың ұзақтығы 5-15 мин (емдеу процесінде ұлғайтады) емдеу курсы 4-5 процедура, күн сайын немесе күнара.

Диадинамофорез – емдік заттар тіндеріне бір мезгілде енгізу арқылы диадинамикалық токты пайдалану.

Емдік факторы: тік төрт бұрышты, ұзақтығы (0,2-2 мс), амплитудасы мен жиілігі (10-130 Гц) төмен импульстармен ОНЖ-не әсер ету.

Терапиялық тиімділігі: жоғары нерв қызметінің негізгі процестерін, артериялық қысымды, эмоциялық қозуды, беткейлі сезімталдықты, қан жасаушы қызметті, қанның ұйытатын жүйесін, негізгі алмасуды қалыптастырады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады, көңілді көтереді, табиғи ұйқыны тереңдетеді, шаршағандықты басады, аурусыздандыру әсерін тигізеді.

Көрсеткіштері: невротәндік статус өзгерістерімен ауырлатылған пародонт аурулары (невроздар, жүйкесі жұқару, қан қысымның төмендеуі мен І және ІІ дәрежелі гипертония аурулары және т.б.).

Қарсы көрсеткіштері: токка төзудің болмаушылығы, көз аурулары, сулы дерматит, ұстамалы ауру, мидың тор қабығының қабынуы (арахноидит), қан айналымының ауыр дәрежелі бұзылуы, ісіктер.

Аппаратурасы: «Электросон-1П», «Электросон-2», «Электросон-4Т», «Электросон-3», «Лэнар».

Мөлшерлемесі: жиілігі 80-120 Гц, 30 мин.-1 сағ. 10-15 процедура, күн сайын немесе аптасына 4 рет.

Әдістеме: Процедураны бөлек, жақсы желбіреткен, тыныш, қараңғы бөлмеде өткізеді. Науқас шешініп бос түрде жату керек. Процедураны өткізу үшін арнайы масканы қолданады, онда төрт металды ұяны резинкалы лентаға бекітеді. Электродтың ұясына ылғалды мақта астарды салады. Масканы науқасқа жабық көздер үстінен салады (көз – шүйде әдістемесі). Көздерге орналастырылған электродтар теріс зарядталған, ал шүйде жағында оң зарядталған.

Тоқтың күшін науқастың сезіммен реттейді, көздер электродтар астында жағымды ұсақ вибрация сезу керек. Төмен жиілікті импульсті тоққа адам тез үйренеді, сезімі төмендейді, сондықтан тоқтың күшін біртіндеп жоғарлатады және төмендетеді. Процедураның уақытында науқаста жеңіл жағымды инелеу, тербелеуді сезеді, басы айналады, қажу пайда болады, сосын ұйқыға кетеді.

Емдік факторы: жоғары жиілікті (22 кГц), кернеуі жоғары (4-5 кВ) және қуаты 10 Вт-қа жететін ауыспалы синусоидалы ток.

Терапиялық тиімділігі: қан және лимфа айналымы, алмасу мен нейроқоректендіру процестері жақсартады, клеткалы мембраналардың өткізгіштігі артады, қан тамырларының түйілуі азаяды, фагоцитоз жеделдейді, қабыну реакциялары кезіндегі аурушаң сезімталдық азаяды, қышу сезімі басылады, сезімталдықты бәсеңдететін, бактериостатикалық әсер ету, инфильтраттар мен денедегі жабысқан жерлерінің таралуы байқалады.

Көрсеткіштері: созылмалы катаральды гингивит, ойық жаралы гингивит, асқыну, іріңдеу сатысындағы пародонтит.

Қарсы көрсеткіштері: қатерлі жаңа түзілістер, жүрек-қан тамыры жүйесінің жетіспеушілігі, қанағыштыққа бейім болу, белсенді туберкулез процесі.

Аппаратурасы: «Ультратон ТНЧ-10».

Мөлшерлемесі: қызыл иекке электродпен әсер етеді, қуаты – 2 Вт дейін; ұзақтығы – 10 минут; емдеу курсы – 10-12 процедура.
Флюктуоризация

Емдік факторы: күші аз, кернеуі төмен, амплитудасы мен жиілігі бойынша 100-2000 Гц шамасында ретсіз өзгеретін синусоидалы ауыспалы ток.

Физиологиялық әсері: нерв аяқтамаларының қозуын тудырады, лимфа және қан айналымы күшейіп, эпителиальды және мезенхимальды клеткалардың митотикалық белсенділігі артады, қантамыр қабырғаларының өткізгіштігі артып, алмасу процестерінің белсенділігі күшейеді. Клеткалық иммунитет пен лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі іріңді қабынудың шектелген ошаққа айналуына мүмкіндік жасайды.

Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, ауыру сезімін бәсеңдетуші, таралушы, қалпына келтіруші.

Көрсеткіштері: орташа және ауыр дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтиттің асқынуы (іріңдік бөлінуі, ауыру сезімінің болуы). Асқыну болмаған кезде жүргізілмейді, себебі сүйектің сорылуын (резорбция) жеделдетеді.

Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, компенсациясы бұзылған сатыдағы жүрек-қан тамыры жүйесінің аурулары, тромбпен бітелген аурулар, қанағыштық, Меньер синдромы.

Мөлшерлемесі: ток тығыздығы 1 мА/см 2 дейін (төмен), 2 мА/см 2 дейін (орташа), 2 мА/см 2 артық (жоғары), 12-15 минут, 6-8 процедура.

Емдік факторы: жиілігі жоғары (110 және 440 кГц), кернеуі жоғары (20 кВ), күші аз (0,02 мА) импульсты ток.

Терапиялық тиімділігі: ОНЖ-нің тежелу және қозу процестерін қалыптастыру, сезімтал және қозғалыс нервтерінің қозғыштығын төмендету, ауруды бәсеңдету әсері, қышу сезімін азайту, қан тамырларын кеңейту, тіндердің қоректенуін жақсарту, тамырлардың түйілуін төмендету, лейкоциттердің тасымалдануын күшейту, қан қысымын қалыптастыру, біте бастау процестерін ынталандыру.

Көрсеткіштері: пародонтоз (әсіресе бастапқы сатысында), созылмалы катаральды гингивит, ұлғайған гингивиттің ісікті түрі, жайылған пародонтит.

Қарсы көрсеткіштері: қатерлі жаңа түзілістер, жүрек-қан тамыры жүйесінің жетіспеушілігі, қанағыштыққа бейім болу, белсенді туберкулез процесі.

Аппаратурасы: «Вихрь-1», «Искра-1», «Искра-2».

Мөлшерлемесі: аралық әдіс: гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрінде әрбір бүртікке 1 минуттан, 4-5 күнде 1 рет;

түйіспелік әдіс: 15-20 мин, күн сайын немесе күнара 10-20 процедура.
Әдістеме:

Түйіспелік әдіс: қан айналымын жақсарту мақсатында катаральды гингивитте, созылмалы жайылмалы пародонтиттің барлық ауырлық дәрежесінің бәсеңдеу кезеңінің жергілікті қарсылығында, пародонтозда әр жақ сүйегіне 10 мин ішінде баяу разрядпен әсер етеді. Бұл кезде вакуумды электродты тістерге тигізбей, жақтардың альвеолярлы өсінділерінің бойымен ақырындап жылжытады. Емдеу шаралары күн сайын тағайындалады. Емдеу курсы – 10-12 сеанс. Аралық әдіс: ұлғайған гингивитте (фиброзды түрі) күйдіргіш әсер ету мақсатында электродтың ұшын жақ сүйегінің альвеолярлы өсінділерінің кілегей қабығынан 0,5 см ара қашықтықта орналастырады. Қысқа ұшқынмен 3-4 бүртікке бір қабылдауда әсер етеді. Емдеу курсы 10 емдеу шарасына созылады.
Диатермокоагуляция және диатермотомия

Емдік факторы: жиілігі жоғары (1-2 МГц), кернеуі төмен (150-200 В), күші жоғары (2А) және тығыздығы 6-10 мА/мм 2 (диатермокоагуляция) және 40 мА/мм 2 (диатермотомия) айнымалы ток.

Терапиялық тиімділігі: қанағыштықты, тіндік ыдырау өнімдерінің сіңірілуін және микроорганизмдердің қан тамыры арнасына түсуін болдырмайды, операциядан кейінгі ауыру сезімін бәсеңдетеді.

Көрсеткіштері: Пародонт қалталарында грануляциялы тіннің болуы, ұлғайған гингивитте жүргізілетін электрлік хирургия.

Қарсы көрсеткіштері: жүрек-қан тамыры жүйесінің жетіспеушілігі, токқа жеке төзуге болмаушылық.

Әдістеме: Қызыл иек бүртіктеріне диатермокоагуляция қолдану ұлғайған гингивитте мақсатқа сай болады. Гингивотомия «электр пышағының» көмегімен жасалады. Бір қабылдауда 3-4 бүртікті алып тастайды. Түбірлік инемен нүктелі диатермокоагуляция жүргізуге болады, инені 2-3 секундқа бүртік тінінің 3-5 мм тереңдігіне салады. Созылмалы жайылмалы пародонтитте пародонтальды қалталардағы грануляцияларға диатермокоагуляция әдістемесіде қолданылады.
Ультражоғары жиіліктегі ауыспалы токпен емдеу (УЖЖ-терапия)

Читайте также:  Для чего назначают электрофорез грудничкам на шею

Емдік факторы: ультражоғары жиілікті 40, 68 МГц (λ= 7,37 м) және 27,12 МГц (λ= 11,05 м) импульсты немесе үзіліссіз электр өрісімен әсер ету.

Физиологиялық әсері: капиллярлар кеңейеді, қан ағысы жеделдейді, макрофагтардың белсенділігі артады, ісігі азаяды, алмасу процестері жақсарады, жас дәнекер тінінің өсуі жеделдейді, нерв рецепторларының сезімталдығы азаяды.

Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, ауыруды бәсеңдетуші, зақымданған тіндердің жазылуын қуаттандырушы.

Көрсеткіштері: пародонтиттің асқынуы (абсцесті шығарғаннан кейін), қанды ісік болған кездегі пародонт хирургиясы.

Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, қан аурулары, жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі, жүктілік, қан қысымының төмен болуы, тиреотоксикоз, безгекті күйде болу, науқастың денесінде металл ұшқындарының болуы.

Аппаратурасы: УВЧ-66, УВЧ-30, УВЧ-1, УВЧ-50, УВЧ 80-01.

Мөлшерлемесі: өрістің атермиялық қуаты, ұзақтығы 5-10 минутқа дейін, емдеу курсы – 5-8 мәрте (процедура).

Емдік факторы: 433, 460 және 915 МГц жиілігіндегі микротолқындық диапазонның электр-магниттік тербелістері; микротолқынның дециметрлі диапазоны (460 МГц; 65 см), микротолқынның сантиметрлік диапазоны (2375 МГц; 12,6 см).

Физиологиялық әсері: капиллярлар кеңейеді, қан ағысы жеделдейді, макрофагтардың белсенділігі артады, алмасу процестері жақсарады, нерв рецепторларының сезімталдығы азаяды.

Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы әсер, ауыруды бәсеңдетуші, қан тамырларын кеңейтуші.

Көрсеткіштері: гингивиттердің жедел ағымы, пародонтиттің асқынуы, іріңдік болған жағдайда (жалқықтың қайтуы бар болғанда).

Қарсы көрсеткіштері: қанағыштыққа бейімділіктің болуы, қатерлі ісіктер, қан аурулары, безгекті күйде болу, жүктілік, қан қысымының төмендеуі, тиреотоксикоз, денеде бөгде металл ұшқындарының кездесуі.

Аппаратурасы: «Луч-2», «Луч-3», «Мирта», «Луч-58», «Луч-58-1», «Луч-11», «Ромашка», «Термо», «Ранет».

Мөлшерлемесі: режим қарқындылығы 5 Вт, сеанстың ұзақтығы 5-8 минут, 3-5 процедура.
Жарықпен емдеу

Фототерапия (жарықпен емдеу) – жарықтың сәуле шығаруының емдік тиімділігін пайдаланатын физикалық емдеу әдісі.

Физикалық қасиеті бойынша жарық — оптикалық диапазондағы электромагнитті тербеліс шоғыры, әр түрлі энергиялы толқын ұзындығы 400 мкм – 2 нм дейінгі квант (фотон).

Жарықтың биологиялық әсерінің негізі болып физикалық энергия мен оның кванттарының тіндерге сіңіп, оның басқа энергия түрлеріне, ең алдымен жылу және химиялық энергия түрлеріне айналуы жатады.

Жарықтың әсерінен бірнеше эффект пайда болады: көрінетін сәуле көздеріне әсері (жарық эффектісі); кейбір химиялық заттарға, субстраттар, фермент, энзимдерге әсері (фотохимиялық эффект); сәуле сіңіру нәтижесінде жылудың пайда болуы (жылу эффектісі).

Оптикалық сәулелену толқын ұзындығына байланысты ультракүлгін (400 нм -180 нм), көрінетін (760 нм-400 нм), инфрақызыл (400000 нм – 760 нм) болып бөлінеді.

Емдік мақсатта барлық электр магниттік жарық ағынын қолданады, алайда пародонтологияда кең таралған инфрақызыл сәулелер, ультракүлгін сәулелер мен полярланған жарық көздері (лазер, биоптрон лампасы) болып табылады.
Инфрақызыл сәулелену

Емдік факторы: инфрақызыл сәулелер.

Пародонтологияда толқынның ұзындығы 15000 – 760нм инфрақызыл сәулелер кеңінен пайдаланылады.

Физиологиялық әсері: инфрақызыл сәулелену (ИҚС) 14 мм тереңдікке дейін енеді. Бұл кезде ИҚС электромагнитті энергиясы жылу энергиясына өтіп, физико – химиялық процесстердің тездеуіне, экстра және интерорецепторлардың тітіркенуіне мүмкіндік жасап тері мен тері асты тіндері бөліктерінің қызуын тудырады. Терең қабаттағы құрылымдар тікелей қыздыруға ұшырамайды. Инфрақызыл сәулеленудің әсеріне алдымен терморецепторлар ұшырап, бірдей қан тамырлар реакциясын тудырады.

Қан тамырлы реакция сатылы түрде дамиды: алғашқыда беткі қан тамырлардың қысқа (30 сек дейінгі), әлсіз білінетін тартылысы байқалады да, ол ошақты қан айналудың көбеюімен алмасып, тіндегі айналмалы қанның көлемін ұлғайтады. Соның нәтижесінде зат алмасу тіндік өткізгіштік ұлғайып, фагоцитоз күшейеді, бұлшық еттік тонус пен қан тамыр спазмы төмендейді, тотығу – қалпына келу процестерінің белсенділігі артады. Тіндерді қарқынды қыздыру белокты молекулаларды ыдыратуға, қан тамырларды кеңейтіп оның қабырғаларының өткізгіштігінің артуына мүмкіндік жасайтын. Биологиялық белсенді заттар, оның ішінде гистамин тәрізді заттардың бөлініп шығуына әкеледі.

Терапиялық тиімділігі: перифериялық қан айналымын жақсартады, алмасу процестерін күшейтеді, репаративті процестерді қуаттандырады, ауру сезімін төмендетеді (1 сурет).

Көрсеткіштері: жайылмалы пародонтит, пародонтоз, экссудаты шығарылған пародонтальды абсцесс жатады.

Аппаратурасы: ИҚС көзі болып күші 200-ден 1000 Вт-қа дейінгі «Соллюкс» тәрізді электрлі лампа, көк түсті Минин лампасы, жартылай өткізгіш лазер табылады.

Инфрақызыл сәулелену (15000 – 760 нм)

Перифериялық қан айналымын жақсартады

Алмасу процестерін күшейтеді

Репаративті процестерді қуаттандырады

1 сурет. Инфрақызыл сәулеленуінің терапиялық тиімділігі

Әдістемесі: жеңіл киінген науқас бас ұстағышы бар орындыққа инфрақызыл сәуледен 50-100 см қашықтықта отырады (Соллюкс лампасы). Науқастың көзіне қорғағыш көзәйнек кигізіледі. Сәуле жіберетін адам сәуле жіберетін жердің қыр жағынан тұрады. Науқас жеңіл жылулықты сезуі қажет, сәулелендіру экспозициясы 20-40минут, емдеу курсы 15-20 дейін.

Минин лампасы (медициналық рефлектор, қолға ұстайтын) көк түсті шыны түтіктегі 20-40Вт шыныққан лампадан тұрады. Әсер етуі 15тен 30см – ге дейінгі қашықтықтан 15-20 минут бойы жүргізіледі. Емді күнде жүргізеді, емдеу курсы 10-15 рет. Көк лампа аурусыздандырғыш, қабынуға қарсы әсері бар беткі жылулық береді.

Қазіргі кезде медициналық тәжірибеде сәуле көзі импульсті және үздіксіз сәуле шығаратын жартылай өткізгіш лазер мен жарықдиодтары болып табылатын инфрақызыл сәулелену кеңінен қолданылады.
Ультракүлгін сәулелену

источник

Электрофорез — зарядталған бөлшектердің электрлік өрістің бойы- мен қарама-қарсы зарядты электродқа қарай қозғалуына негізделген. Макромолекулалардың заряды, пішіні және көлемі әртүрлі болуына байланы- сты, олардың қозғалғыштық қабілеті де әртүрлі болады. Электрофорез әдісінде қағаз және сұйықтық, т.б. көптеген өткізгіштік материалдарды қолдануға бо- латынына қарамастан, ең кең тараған өткізгіштік-тасымалдаушы материал ретінде агароза мен акриламид полимерлерін атауға болады. Бұл бағаналы хроматографияда пайдаланылатын гельдік қосылыстар. Зерттелетін үлгі өткізгіштік қасиеті бар гельге құйылады. Қосылыстар ажырау үшін ,белгілі бір қуат күші бар электр өрісі немесе белгілі бір кернеудегі электр тогы өткізгіштік гель арқылы өткізіледі (5.10-сурет). Гельдегі ақуыздар бір бірінен толық бөлінгеннен кейін, ақуыздың орналасқан жерін анықтау мақсатында гельді 5.11-суретте көрсетілгендей бояйды. Агарозды және полиакриламидті гель арасында қандай айырмашылық бар? Нуклеин қышқылдарын бөліп алу үшін жиі қолданылатын, агароза негізінде жасалған гельдер алдағы тарауларда талқыланады. Ақуыздарды бөлу үшін кең түрде пайдаланылатын электрофорездік гель — полиакриламид болып табылады (5.4-сурет), алайда, кей жағдайларда агароза да қолданылады. Полиакриламидті гель бағаналы хроматографияда қолданылатын түйіршік түріндегі полимер сияқты емес, ол түйіршіксіз матрица түрінде қолданылады. Полиакриламидті- гель электрофорезінің бір түрінде, зерттелетін ақуыздың үлгісін гельге салудың алдында, оны натрий додецилсульфат (808) детергентімен өңдейді. Натрий додецилсульфаттың құрылысы- СН3(СН2)10СН2О8О3Ка+. Арнайы емес адсорбциялау жолымен аниондар ақуыздармен берік түрде байланыс түзеді. Ақуыздың көлемі қаншалықты үлкен болса, адсорбцияланатын аниондардың мөлшері де соншалықты көп болады. 808 ақуыздардың үшінші және төртінші реттік құрылымдарына жауап беретін ковалентсіз байланыстардың барлығын бұза отырып, ақуыздарды толығымен денатурациялайды. Бұл, бірнеше суббірліктерден тұратын ақуыздардағы полипептидтік тізбектердің құрамын талдауға мүмкіндік береді. 8 0 3

анионының адсорбциялануы нәтижесінде зерттелетін үлгідегі барлық ақуыздар теріс зарядқа ие болады. Сондай-ақ, ақуыздардың пішіні ретсіз бүктелген күйде болады. 808-полиакриламидтік гельдегі электрофорез (8Б8-РАСЕ) барысында, акриламид ұсақ молекулаларға қарағанда ірі молекулаларға төзімдірек келеді. Зерттелетін үлгідегі барлық ақуыздардың пішіні мен зарядтылық көрсеткіші шамамен бірдей болатындықтан, ақуыздарды бөліп алу барысында есепке алынатын негізгі көрсеткіш — олардың көлемі болып табылады: ірі ақуыздарға қарағанда ұсақ ақуыздар тез қозғалады.

Молекулалық-елек түріндегі хроматография сияқты, 808-РАСЕ әдісін де ақуыздардың молекулалық салмағын бағалау үшін қолдануға болады, ол үшін ақуыздар стандарттық үлгілердің жиынтығымен салыстырылады. 5.12-сурет- те көрсетілгендей, көптеген ақуыздардың молекулалық салмағы олардың 8Э8- РАСЕ жүру барысында қозғалуына тікелей ықпал етеді, яғни, олардың қозғалысы молекулалықсалмағынатәуелді. Сонымен қатар, ақуыздарды 808 косылысымен өңдемей, акриламид гелінде бөліп алуға да болады, мүндай жағдайда гельді нативті деп атайды. Ғылыми зерттеу жүмыстарына ақуыздың нативті конфор- мациясы қажет болған жағдайда осы әдіспен бөлген тиімді. Алайда, бұл жағдайда ақуыздардың қозғалғыштығы мен олардың көлемі арасында тікелей байланыс болмайды, өйткені гельдің төмен қарай жылжуы ақуыздың көлеміне, пішініне және оның зарядтылығына, яғни, үш өзгермелі көрсеткішке тәуелді болады. Изоэлектрлік топтау — гельдік электрофорез әдісінің тағы бір түрі бо- лып табылады. Әртүрлі ақуыздардың титрленетін топтары да өзгеше болып келетіндіктен, олардың изоэлектрлік нүктелері де бірдей болмайды. Еске са- ла кетейік (3.3-секция), ақуыздарда, аминқышқылдарында немесе пептидтер- де жалпы зарядтылық болмаған жағдайдағы рН мәні изоэлектрлік рН (рі) деп аталады. рН мәні изоэлектрлік нүктеге, яғни, рі жеткен кезде, оң зарядтардын саны мен теріс зарядтардың саны теңеледі. Изоэлектрлік топтау тәжірибесінде қолданылатын гельдің рН градиенті болады, ол электрлік өрістің градиентіне параллельді болып келеді. Электр орісінің әсерінен ақуыздар гельдің бой- ымен жылжи бастайды, жылжу барысында олар рН мәні әртүрлі болып та- былатын аймақтардан өтетіндіктен, ақуыздардың зарядтылығы да өзгеріп отырады. Тәжірибенің соңында әрбір ақуыз өзінің изоэлектрлік нүктесіне жетеді, атап айтқанда оның жалпы заряды нөлге теңелетін нүктеге жетеді. Изоэлектрлік нүктесіне жеткен ақуыз әрі қарай жылжымайды. Гельдегі әрбір ақуыз өзінің рі нүктесіне сәйкес келетін аймаққа келіп тоқтайды және сол жерден қозғалмайды. Бұл оларды тиімді түрде бөліп алуға мүмкіндік береді. Екі өлшемді деп аталатын гельдік электрофорез (2-0 форматтағы гельдер) әдісі бір жағынан изоэлектрлік топтау арқылы, ал екінші жағынан 90° 808- РАСЕ жүргізу арқылы ақуыздардың бөлініп, таралуын күшейтуге мүмкіндік береді (5.13-сурет).

источник

Тақырыбы: Ж Ж, АЖЖ және УЖЖ токтарды қолдануға негізделген терапевтік техника. Тұрақты токты қолдануға негізделген терапевтік техника.

1.ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену

2. Ультражоғары жиілік (УЖЖ) аппаратының жұмыс істеу принципімен танысу

3.Тұрақты токтың әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену

4. Гальванизация аппаратының жұмыс істеу принципімен танысу

Оқытудың міндеті:

1. УЖЖ –терапия аппаратының блок схемасын және қолданылуын түсіндіріңіз.

2. УЖЖ-терапия аппаратымен алғаш жұмыс жасауды үйрену (жерге жалғануды тексеру, қосу, электродтарды орналастыру, терапевикалық контурды резонансқа келтіру).

3. ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызуының биофизикалық механизмін түсіндіре алуды үйрену

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.УЖЖ-терапия аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.

2. ЖЖЖ электр өрісінің электролиттерге және диэлектриктерге әсері

3. УЖЖ электр өрісінің электродтар арасындағы таралуы

4. Терапевтикалық контурдың қолданылуы, оның схемасы

5. Терапевтикалық контурдағы айнымалы сыйымдылықты конденсатордың қолданылуы

6. АЖЖ-өрістің әсерінің ерекшелігі (микротолқындық терапия)

7. Гальванизация аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.

8. Гальванизацияның физикалық негізі

9. Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсері

Оқыту әдісі — Шағын топпен жұмыс

Дидактикалық блок:

Ультрадыбысты, жоғары және ульрадыбыстық жиілік диапазонында медициналық аппараттардың үлкен топтары жұмыс істейді (электромагниттік тербелістер және толқындар генераторы).

Электромагниттік тербелістер биологиялық денеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады. Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада ультражоғары жиілікті аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс — УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.

УЖЖ-терапия сүйек және қан тамырларындағы қабыну процесстерін, невралгияны, бронхиальды астманы және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.

УЖЖ-терапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц) айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін,кең тараған физиотерапевтік әдіс.

УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр өрісінің ағза ұлпаларының молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген. Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және физиологиялық процестерді активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады.

Бөлінетін жылу ұлпалардың диэлектрлік өтімділігіне, меншікті кедергісіне және электромагниттік тербелістердің жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті ұлпалар мен мүшелерден жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады.

УЖЖ өрісте электрометтерді қыздыру иондардың қозғалыс нәтижесінде болады, яғни ток өткізгіштіктің. Ток энергиясы ішкі энергияға айналады. Электрометрден бөлініп шығатын жылу , мұндағы — электр өрісінің кернеулігі, -электрометтің меншікті кедергісі.

Читайте также:  Электрофорез с эуфиллином для двухмесячного ребенка

Электр өрісінің ЖЖ әсерінен диэлектрикте дипольдік молекулалардың үздіксіз ориентациясы болады. Диэлектриктегі жылу мөлшері мұндағы — циклдік жиілік, — диэлектрдің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі, Е- өріс кернеулігі, — диэлектрлік шығын бұрышы.

Ағзада электролит пен диэлектриктің қасиеттері бар ұлпалар бар, сондықтан УЖЖ өрістің әсерінен ұлпалардан бөлінетін жылу мөлшері 40,58 МГц жиілікте диэлектриктің қыздырылуы электролиттерге қарағанда қарқынды.

Сонымен қатар биологиялық зерттеулерде аса жоғары жиілікті қолдану диэлектрик қасиеттерімен ұлпаның гидратация дәрежесін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Емдеу мақсатында сантиметрлік дипазондағы жиіліктері 460 МГЦ ( ) және 2375 МГц ( ) электромагниттік толқындармен ағза ұлпаларына әсер ету микротолқынды терапия деп аталады.

Әсер ету дененің беткі сәйкес қабатын арнайы сәулендіргіштің көмегімен сәулелендіру арқылы жүзеге асырылады.

Сантиметрлік толқындар ағза ұлпаларының беткі қабаттарынан жұтылады. Олардың алғашқы әсері электролит ерітінділеріндегі иондардың тербелісімен, диэлектриктерде полярлық молекулалармен түсіндіріледі. Сондықтан олардан жылу бөлініп шығады.Мұндай жағдайда микротолқындардың әсері етуі УЖЖ электр өрісінің әсер етуімен ұқсас. АЖЖ тербелісінде су молекуласы бағытталу терблісінде айырықша мәнге ие болады. Сондықтан толқынның ең көп жұтылуы және жылудың бөлінуі судан тұратын ұлпаларда, мысалы, бұлшық етті ұлпа және қанда, аз болуы — майлы ұлпаларда. Осындай қаситтерімен микротолқынды терапия УЖЖ терапиясынан ерекшелінеді.

УЖЖ- терапия аппараты

УЖЖ- терапия аппараты құрылысының негізін сәйкес жиілік пен қуатты гармониялық тербелістердің генераторы құрайды. (сурет-1, 2)

Барлық аппараттарға тән ерекшелік тербелмелі контурдың болуы. Тербелмелі контурға адам денесіне жапсырылатын электродтар тіркеледі. Мұндай контурларды терапевтік деп атайды.Тербелмелі контурдың болуы қауіпсіздік техникасы тұрғысынан міндетті,себебі генератордың өзіне ЖЖ тербелістерден басқа лампаларды қоректендіретін жоғары кернеулер жұмыс жасайды. Ауру адамға бұл кернеулердің зиянды әсерлері болмас үшін,жанасатын t электрод L;С тербелмелі контурға қосылады.

Терапевтік контурға әр түрлі электрлік параметрлері бар обьектілер қосылатындықтан, терапевтік контур әр процедурада резонанс құбылысына бейімделуі қажет. Бұл үшін конденсатор айнымалы сыйымдылыққа ие болады.

Пациент қауіпсіздігі үшін УЖЖ- терапия аппараты схемасына ТК қосылған. ТК анодтың тербелмелі контурмен байланыс орамымен байланысқан (ВС). Үлкен қуат алу үшін ТК, айнымалы Ст конденсатордың көмегімен резонансқа бейімделуі. УЖЖ электр генератормен өрісінің пациентке әсері электродтардың көмегімен жүзеге асады. Аппараттың барлық электр схемасы металл корпусқа ендірілген. Жеке элементтері экрандалған. Басқару элементтері алдыңғы панельде орналасқан және сәйкес жазулары бар.

Электродтардың арасында электр өрісінің кернеулігінің таралуы электродтардың өлшеміне, олардың ара қашықтығына және өзара орналасуына тәуелді. Таралуды ДА- дипольдік антеннаның көмегімен зерттеуге болады.ДА- екі өткізгіш, екі ортасына жартылай өткізгішті диод қосылған. ДА миллиамперметр жалғанған.

ДА контурындағы ток күші УЖЖ электр өрісінің кернеулігіне пропорционал. ДА ағаш рейканың шетіне орналасады, вертикаль және горизонталь бағыттарда жылжиды. Бағыттаушы рейкада әр сантиметр сайын бөлікке бөлінген. Бұл ДА-ң электродтарға қарағандағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Гальванизация және емдік электрофорез

Тұрақты токтың (ондаған миллиампер) адам ағзасына аз күшпен әсер етуге негізделген емдік әдіс гальванизация деп аталады. Гальванизацияда тұрақты ток сәйкес көзден ағза ұлпасына металл электродтар мен өткізгіштердің көмегімен жалғанады. Олар қорғасын және қалайы пластикалардан тағайындалады.

Тұрақты токтың ағза ұлпаларына бірінші ретті әсері зарядталған бөлшектердің ұлпа электролиттеріндегі зарядталған бөлшектердің орын ауыстыруынан болады. Бұл жағдайда иондардың әтрүрлі қозғалғыштығының нәтижесінде, бастысы мембраналарда тосылуы және клеткаларда, қоршаған сұйықтықтарда иондардың концентрациясының өзгеруі болады. Иондық ортадағы өзгеріс клеткалардың функционалдық күйінің өзгеруіне, яғни қозуына немесе тежелуіне алып келеді.

Иондардың жергілікті концентрациясы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік және ағза ұлпаларына бірінші ретті әсерінің негізінде поляризациялық құбылыс жатыр.

Ұлпалардың жасушаларының күйінің функционалдық өзгеруі (әсіресе нервтік рецепторлардың) нервтік гуморальдық немесе флекторлық жолмен ағзаның келесі буындарының реакциясын тудырады, олар өз кезегінде жеке мүшелермен жүйелердің бүкіл ағзаға әсерін тигізеді. Гальванизацияны тұрақты токтың көмегімен ағза ұлпаларына дәрілік заттарды енгізумен байланыстырады. Мұндай заттардың ерітінділеріне электродтардың астындағы жапсырмалар батырылады. Процедура емдік электрофорез деп аталады.

Гальванизация мен емдік электрофорез процедурасы үшін (40-60 В) тұрақты кернеу көзі қажет, әртүрлі процедураларда ток күшін басқаруға арналған потенциометрмен жабдықталады. Мұндай көз ретінде электронды-лампалы немесе жартылай өткізгішті түзеткіштер қолданылады.

Өзіндік есептер:

Орташа тығыздығы =1,5 г/см 3 , адамның массасы m= 40кг. Адам денесінің электр сыйымдылығын сол көлемдегі электр тогын өткізетін шардың сыйымдылығына тең деп есептеңіз.

№2 есеп.Резонанстық жиіліктері және индуктивтілітері L1=0,3 мкГн, L2=5 мкГн болатын УЖЖ терапевтік аппараты үшін ТК қандай сыйымдылыққа ие болады?

№3 есеп. Бұлшық жасушалардан миротолқындық терапия ( ) кезіндегі маймен салыстырғандағы бөлінетін салыстырмалы жылу мөлшерін анықтаңыз?

№4 есеп. 5 см арақашықтықтағы өріс кернеулігі 2,0*10 4 Н/Кл –ге тең 4,5*10 -7 Кл нүктелік электр заряды қандай ортаға орналасқан? Осы ортаның абсолют диэлектрик өтімділігін табыңыз?

№5 есеп. Ионофорез дәрілік заттарды адам денесіне енгізу үшін қолданылады. Ток тығыздығы 0,05 мА/см 2 , t= 10 мин уақыт ішінде ауданы S=5 см 2 электродтан ауруға енгізілген дәрілік заттың иондар мөлшерін анықтаңыз?

Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі:

Керекті құрал-жабдықтар: УЖЖ-30 типтес терапия аппараты, ағаш сызғышқа бекітілген дипольдік антенна (ДА), микроамперметр, электролит, диэлектрлик (кастор майы), гальванизация аппараты, NaCl, KJ ертінділері, мақта, термометрлер.

1 тапсырма. УЖЖ аппараты электр өрісінің таралуын бақылау

УЖЖ аппаратының электродтарын бір-біріне параллель орналастырыңыз

ДА-ны екі электродтың орталығына орналастырыңыз. ДА қосылған микроамперметр электродтардан алыс орналасуы керек.

Кернеуді өзгертіп отырып аппараттың индикаторының көрсеткішін қызыл спектрдің ортасына қойыңыз. “Қуат” тұтқасын бұрай отырып микроамперметрдің көрсеткішін максимумға жеткізіп қойыңыз.

ДА-ны горизонталь жазықтықта 1 см-ден жылжыта отырып, микроамперметрдің көрсеткішін 1-ші кестеге жазыңыз.

ДА-ны горизонталь жазықтықта жылжытқандай, вертикаль осі бойынша 1 см-ден жылжыта отырып микроамперметрдің көрсеткішін сол кестеге жазыңыз.

Горизонталь жазықтық Вертикаль жазықтық
Іх (cм) І (mА) Іх (cм) І (mА) Іу (cм) І (mА) Іу (cм) І (mА)

6. , тәуелділік графиктерін сызыңыз,

Дата добавления: 2017-02-24 ; просмотров: 1576 | Нарушение авторских прав

источник

Дәрі-дәрмектік электрофорездегеніміз тұрақты электр тогының көмегімен дәрі-дәрмектік заттарды ағзаға енгізіп, емдеу әдісі немесе ағзаға тұрақты токпен енгізілген дәрмектік заттың әсері мен осы токтың әсерін байланыстыру (ұштастыру). Бұл жағдайда ағзаға енгізілетін дәрмектік заттардың емдік әсері тұрақты токтың әсер ету механизмімен қосылады. Олар ағзаға енгізілетін дәрмектердің қозғалғыштығына, енгізілу әдісіне, мөлшеріне, енгізілу ауданына байланысты. Ерітіндідегі дәрмектік заттар иондарға және зарядталған гидрофильді комплекстерге (жиынтыққа) ыдырайды. Осындай ерітінділерді электр өрісіне енгізген кезде олардың құрамындағы иондар қарама-карсы полюстерге қарай бағыттала орын ауыстырады (электрофорез) жэне ұлпаларға тереңірек еніп, емдік әсер етеді.

Оң электрод астындағы төсеніштен ағза тіндеріне металл иондары (тұз ерітінділерінен), аса күрделі заттардың оң зарядталған бөлшектері енгізіледі, ал теріс электрод астындағы төсеніштен қышқыл радикалдары, күрделі қосылыстардың теріс зарядталған бөлшектері енгізіледі.

Дәрмектік заттардың иондарының өтімділік қабілеті осы заттардың құрылымына және электролиттік диссоциация дәрежесіне байланысты болады. Ол әртүрлі еріткіштерде бірдей емес және ол осы еріткіштердің диэлектрлік өтімділігімен ( ) анықталдады. Суда еріген дәрмектік заттардың электр өрісінде ( = 81) қозғалғыштығы жоғары болады. Глицерин ( = 43) мен этил спиртінің ( = 26) судағы ерітінділері суда ерімейтін заттардың диссоциациясы үшін қолданылады.

Дәрмектік заттарды ион түрінде енгізу олардың қозғалғыштығын және фармакологиялық эффектісін арттырады. Препарат құрылысының күрделенуі оның қозғалғыштығын төмендетеді. Енгізілетін дәрмектік заттар терінің сыртқы қабатына (эпидермиске) еніп, терінің терінің негізгі қабаттарының (дерманың) жоғарғы кабаттарында жиналады. Одан олар микроциркуляторлы (микроайналымды) арнаның тамырлары мен лимфа тамырларына диффузияланады.Тері «депосынан» түрлі заттардың шығу периоды 3 сағаттан 15- 20 тәулікке дейінгі аралықта болады. Бұл дәрмектік заттардың ағзада ұзақ болуына, жақсы емдік әсерге әкеледі.

Электрофорез арқылы ағзаға енетін дәрмектік заттардың мөлшері емдік процедура (ем шарасы) кезінде қолданылатын дәрмектің 5-10 % -ын құрайды. Ағзаға енгізілетін заттардың

Cурет 4. Электрофорез сызбасы.

Сурет 3. Биологиялық ұлпалардағы дәрмектік заттардың электрофорезінің сызбасы.

1- интрацеллюлярлы; 2- трансцеллюлярлы; 3- тері бездерінің өзектері арқылы; 4-шашты фолликул арқылы.

мөлшерін арттыру үшін ерітінділер концентрациясын (5 %-тен жоғары) арттыру емдік әсерді жақсартпайды. Бұл жағдайда иондардың электростатикалық өзара әсерлесуі нәтижесінде электрофоретті және релаксациялы тежелу күштері пайда болады (Дебай-Хюккель

феномені). Олар ұлпаларға дәрі-дәрмек иондарының орын ауыстыруын тежейді.

Ағзаға енетін дәрмектік заттардың фармакологиялық эффектісі күшті әсер ететін препараттар мен металл иондарын аз мөлшерде енгізгенде көрінеді. Дәрмектік заттар электрод астындағы ұлпаларға жергілікті әсер етеді. Олар сәйкес мүшелердің айқынды рефлекторлы реакциясын тудыруға, олардағы қанның ағысын күшейтуге қабілетті, тіндердің регенерациясына (жойылған бөлігінің қайтадан қалпына келуі) түрткі береді. Мысалы, электрофорездің көмегімен ағзаға енгізілген иод иондары дәнекер тіннің дисперстілігін арттырып, ақуыздардың гидрофильділік дәрежесін арттырады. Литий иондары зәр қышқылының литий тұздарын ерітеді. Мыс пен кобальт иондары жыныс гормондарының метаболизмін белсендіреді және олардың синтезделуіне қатынасады; магний және кальций иондары айқынды гипотензиялы (төмендеу) әсер етеді; ал цинк иондары регенрацияға түрткі береді және оның фунгицидті әсері бар.

Енгізілген заттардың кейбіреуі тері талшықтарының тактильді (түйсік сезімінің) және ауырғанды сезінуінің функционалды қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Электр тогы мен жергілікті анестетиктердің бірлескен әсері ауырсыну ошағынан келетін импульсті ағынның кемуін тудырады және тұрақты тоқтың анальгетикалық эффектісін тудырады. Осындай құбылыстар әсіресе катод астында анық байқалады. Тұрақты электр тогы енгізілетін препараттардың фармакологиялық кинетикасы мен фармакологиялық динамикасын артады. Ұштастырылған әдістің нәтижесінде олардың көпшілігінің емдік сапасы арттырады. Теріге енген заттар жайылмай, сол жерде жинақталады. Бұл зақымданған жердің бетіндегі аймақтарда осы заттар концентрациясының артуына мүмкіндік береді. Заттарды осылай енгізу әдісі кезінде дәрмектік заттардың пероральді (ауыз арқылы) және парентеральді енгізілуіндегідей қарсы эффектілер болмайды. Балластық ингредиенттерінің (құрамындағы заттардың) әсері әлсіз, ал ерітінділер залалсыздандыруды керек етпейді. Емдік заттардың (көбінесе антибиотиктердің) ішкі мүшелердің патологиялық ошақтарында (мүше ішіндегі электрофорез), ісіктерде жинақталуы (электрохимия терапия) мүмкін. Осы кезде электрод аралығындағы тіндердегі дәрілердің мөлшері (концентрациясы) 1,5 есе артады.

Тіндер арқылы өткен электрдің қосынды мөлшері 200 Кулоннан артпау керек. Қолданылатын дәрмектік заттың мөлшері әдетте олардың пероральді (ауыз арқылы) және парентеральді енгізілуінің бір ретті мөлшерінен артпау керек.

Гальванизация.
Ағзаға күші аз болатын тұрақты токпен әсер етіп, емдеу әдісі гальванизация деп аталады. Бұл тұрақты токтың ескі атымен, яғни гальваникалық ток есімімен байланысты.

Ағза ұлпаларына токтың алғашқы әсері ұлпаларда электролит иондарының және басқа да зарядталған бөлшектердің қозғалысымен байланысты. Иондардың бөлектенуі, соған сәйкес ұлпа кұрылымының әртүрлі элементтерінде иондар концентрациясының өзгеруі иондар қозғалғыштығының бірдей болмауы салдарынан, және де жартылай өткізгішті мембраналарда, ұлпа элементтерінде, жасушаның іші мен сыртында иондардың бөгеліп қалуы мен жинақталуының салдарынан болады. Бұл жасушаның функционалдық қызметінің өзгеруіне және ұлпаларда физиологиялық үрдістердің өзгеруіне әкеліп соғады. Тұрақты токтың терапевтік әсері осы құбылысқа байланысты. Ендеше ұлпа кұрылымдарында иондар концентрациясының өзгеруі адам ағзасына тұрақты токтың алғашқы әсер етуінің негізі болып табылады. Қозғалғыштығының әртүрлі болуынан, жартылай өткізгішті мембраналарда қабықшаның болуы салдарынан иондардың бөлінуі орындалады, соған сәйкес ұлпа кұрылымдарының әр элементтерінде иондар концентрациясы өзгереді.

П.П. Лазаревтің тітіркенудің иондық теориясына сәйкес қабықшаның екі жағындағы иондар концентрацияларының белгілі бір қатынасының бұзылуы жасушада қозу күйін тудырады, осы қозу электр тогының әсеріне жасушаның реакциясы болып табылады. Осы жағдайда бір валентті Na және К иондарының концентрациясының Са және Mg екі валентті иондарының концентрациясына қатынасының мәні зор.

Осы қатынастың артуы қозу реакциясын тудырады, ал кемуі тежелу реакциясын тудырады.

Токты тұйықтаған кезде, катодтың маңайында әсердің болуы қозғалғыштығы аса жоғары бір валентті иондардың, әсіресе К, Na иондарының концентрациясының артуымен байланысты, ал анод тұсында қозудың артуы нашар қозғалатын иондардың мөлшерімен байланысты, сол себепті анод жанында Са, Mg және т.б. екі валентті иондар мөлшері артық болады.

Читайте также:  Сколько должно быть слоев в прокладках для электрофореза

Гальванизация кезінде кернеуі 60-80 В, күші 5- 15 мА болатын, токтың тығыздығы 0,1 mА/см 2 шамасынан артық болмайтын тұрақты ток ұлпаларға электродтардың көмегімен жіберіледі. Электродтардегеніміз ток көзінің полюстерімен жалғанатын металл өткізгіштер. Электродтарды терінің бетіне тікелей орналастыруға болмайды. Өйткені электродтар бетінде ұлпалар құрамындағы хлорлы натрий, тер құрамындағы ас тұзы ерітінділерінің электролизі кезінде түзілген өнімдер теріні күйдіруі мүмкін. Ол үшін гигроскопиялық материалдан ( байка, фланельден) жасалған қалындығы 1 см-ден кем болмайтын, өлшемдері барлық периметрі бойынша металл пластинканың өлшемдерінен 1,5-2 см-ге артық болатын қалың төсеніштер қолданылады (сурет 6). Төсеніш сумен не әлсіз тұзды ерітіндімен дымқылданады. Ол электродтағы екінші ретті реакция өнімдерін өзіне сіңіреді.

Осы төсеніш электрод (2) астындағы адам терісінің бетіне қойылады. Төсеніш пен электрод дененің керекті жеріне тартқыштардың не созылмалы бинттердің (3) көмегімен нық орнатылады. Төсеніштер қайнату арқылы залалсыздандырылып, қайтадан қолданылады.

Науқас адамның дене бөлігіне тұрақты токпеп әсер ету үшін белгілі бір пішінді және өлшемді электродтар қолданылады. Электрод металл пластинкадан немесе токты жақсы өткізетін материалдан тұрады. Электродтар материалы ретінде қалайыланған қорғасын қолданылады. Бір жағынан ол жұмсақ, екінші жағынан ол ең нашар қозғалатын иондарды құрайды. Өйткені қорғасын иондары токтың пайда болуына қатынаспайды.

Электродтарды аппарат клеммаларына қосу үшін көп тарамды, оқшауланған сымдар колданылады.

Гальванизацияның емдік шарасын жүргізуді дайындау кезінде гидрофильді тесеніштерді ыстық крандағы сумен дымкылдап, оларды бірқалыпты сығып, көп тарамды сымдармен жалғанған ток өткізетін пластинкалармен бірге дененің әсер ететін бөлігіне орналастырады. Барлығын бірге созылмалы бинтпен байлап, құмы бар кішкене қапшықпен бастырып қояды. Төсеніштердің денеге нығыз және бірқалыпты орналасуы және ұлпаға электродтың металл бөлігінің тиіп кетпеу мүмкіндігі тиянақты тексерілу керек, сонымен бірге электрод астында терінің жарақатының, эпидермалы кабаттың басқа да бүлінуінің болмауын тексеру қажет

(терінің кішігірім ақауын мақта түйіршігімен немесе вазелині бар марлімен жауып қою керек).

Дененің бетіне тікелей орналастырылған электродтар арасындағы ағзаның жеке бөліктерінің электр өткізгіштігі тері мен тері асты қабатының кедергілеріне өте байланысты.

Ағза ішінде ток негізінен қантамырлары, лимфа тамырлары, бұлшықеттер, жүйке өзегі арқылы таралады. Терінің кедергісі терінің күйімен анықталады: қалыңдығымен, жасымен, ылғалдығымен және т.б. Электродтарды пациент денесінде көлденең, бойлай немесе қиғаш орналастыру қабылданған. Бір- біріне қарсы қойылған екі электродтардың шеттері арасындағы қашықтық осы электродтардың біреуінің енінен кіші болмау керек. Әдетте бірдей өлшемді электродтар қолданылады. Бірақ кейбір жағдайларда дененің белгілі бір бөлігіне токтың әсерін арттыру қажет болғанда осы бөлікке екінші электродпен салыстырғанда ауданы кіші электрод қойылады. Қолдың саусақтары мен табанның ұсақ буынды аймақтарына әсер ету кезінде жазық ванналар (бір не екі камералы) пайданылады. Осы кезде ваннаға батырылатын дененің металл электродпен кездейсоқ жанасуын болдырмау үшін металл электродты одан алысырақ болатындай етіп, ваннаға түсіреді. Ал екінші электрод науқастың қолына не аяғына, мойын- жауырынды аймаққа не омыртқа жотасының белдеме аймағына орналастырады.

Гальванизацияны жүргізу үшін «Поток – 1» аппараты қолданылады. Гальванизация аппараты желіден қоректенетін реттелетін тұрақты ток көзі. Аппараттың меншікті қаңқасы мен алмалы- салмалы түбі бар. Аппараттың қаңқасы соққыға төзімді полистиролдан жасалған.

Миллиамперметр (1) аппарат қаңқасының сол жақ жоғарғы жағында орналасқан. Токты реттегіш тұтқасы (3) амперметрдің оң жағында, әрірек токтың диапазондарын ауыстырғыш пен миллиамперметрдің өлшеу шектерін ауыстырғыштар «5mA–50mA» (4), сигналдық жарық көзі (2), желімен ажыратқыш «Вкл-Выкл» (5), шығу ұяшықтары (6) « +» – қызыл тиек, «-» — қара тиек) орналасқан.

Ем шарасын жүргізер алдында желінің кедергісін қосқыштың дұрыс орнатылғанын тексеру керек. Желіден ажыратқышты «Выкл» жағдайына, диапазондарды ауыстырғышты «5 mA» жағдайына, ал токты реттегіш тұтқасын 0-дік жағдайға ауыстыру керек. Желіге қосқышты қоректендіру желісіне қосу керек. Жалғағыш сымдарды шығу қысқыштарына қосып, осы қысқыштарға таңдап алынған электродтарды бекіту керек. Науқас адамның денесіне сумен не дәрі ерітіндісімен (дәрмектік электрофорезді жүргізу кезінде) дымқылдандырылған төсенішпен электродтар орналастырылады. Желілік кедергіні қосып (осы кезде басқару панеліндегі сигналдық жарық көзі жанады), реттегіштің тұтқасын баяу бұра отырып, токтың қажетті мәнін тағайындау керек. Ем шарасын бастағаннан кейін алғашқы минуттарда дененің кедергісінің біршама төмендейтінін есепке алу керек. Бұл токтың артуына әкеледі. Осы себеппен ем шарасының басында токтың шамасын бақылап отыру керек, қажет болған жағдайда оны реттеу керек.Токтың диапазонын азайту үшін токты реттегіш тұтқаны алдын- ала бастапқы жағдайға қою керек және пациенттен электродтарды алып тастау керек.Жұмыс барысында үзіліс жасағанда желіні ажыратқыш тұтқасын «Выкл» жағдайына ауыстырып, желілік қоректендіруді өшіру керек. Токты қосу 0-дік жағдайдан басталу керек және ол баяу, біртіндеп, ешбір рывков и толчоксыз арту керек. Өшіру де 0-ге дейін өте баяу орындалу керек. Ем шарасы аяқталған соң аппаратты өшіріп, сымдарды аппараттан ажырату керек.

Жалпы гальванизацияның емдік шарасы кезінде ванналар қолданылады. Олар сумен толтырылады және оларға науқастың аяқ- қолдары түсіріледі.

Егер барлық ағзада бір ионның мөлшерін арттыру керек болатын болса, онда төрт камералы ванна қолданылады.

Науқасқа берілетін ток тығыздығы (ток күшінің электрод ауданына қатынасымен) бойынша мөлшерленеді (дозаланады).

Жергілікті гальванизация кезінде мүмкін болатын токтың күші 0,1 mA/сm 2 шамасынан артпау керек. Жалпы әсер ету кезінде токтың мүмкін болатын күші бір тәртіпке төмен болады – 0,01 mA/сm 2 – 0,05 mA/сm 2 . Обьективті көрсеткіштерден басқа, мөлшерлеу кезінде науқастың субьективті сезулерін де ескеру қажет. Ем шарасы кезінде ол электродтар астында аздап шаншуды сезіну керек. Оның күйдіруді сезінгені өткізгіш тогының тығыздығын төмендету керектігінің сигналы болып табылады. Ем шарасының ұзақтығы, оны жүргізу жиілігі, емдеу курсындағы оның жалпы саны аурудың сипатына, кезеңіне, фазасына, науқастың жалпы көңіл-күйіне, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты. Гальванизацияның ұзақтығы 20-30 минуттан аспау керек. Әдетте емдеу курсында 10-15 ем шарасын тағайындайды. Қажет болған жағдайда гальванизацияның қайталану курсы бір айдан соң жүргізіледі.

Гальванизацияны жоғары жиілікті магнитотерапиямен (гальваноиндуктотермия, пелоидотерапиямен (гальванопелоидотерапия) және акупунктурамен (гальваноакупунктура) ұштастырады.

Дәрмектік электрофорез әдісінің артықшылықтарына мыналар жатады:

1. тері депосының құрылуы, онда дәрмекік заттар 1 күннен 3 күнге дейін жиналады;

2. патологиялық ошаққа тікелей әсер ету;

3. физиологиялық реакциялардың едәуір сиректеуі;

4. дәрмектік заттарды ауырсынбай енгізу.

Гальванизация мыналардыемдеуде көрсетілген:

— шеткі жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттануын емдеуде (плекситтер, радикулиттер, моно- және полинейропатия, невралгия және т.б.),

— орталық жүйке жүйесінің аурулары мен жарақатын емдеуде (мидың, жұлынның жарақаттарын, олардағы қанайналымның бұзылуын),

— вегетативті дистонияны, неврастенияны және т.б. жүйке күйлерін,

— моторлы және секреторлы функцияларының бұзылуымен жүретін ас қорыту мүшелерінің ауруларын (созылмалы гастрит, колиттер, холецистит, қарынның ойық жаралы аурулары, жұмыр ішек аурулары),

— гипертониялық және гипотониялық ауру, стенокардия, алғашқы кезеңдердегі атеросклероз,
— түрлі мүшелер мен тіндердегі созылмалы қабынған үрдістер,
— жарақатты, ревматизмді табиғатты созылмалы артриттер, периартриттер,

Гальванизацияға қарсы көрсетілімдер:

ісіктер, қабынудың және іріңнің қатал үрдістері, қанның жүйелі аурулары, кенет айқындалған атеросклероз, III кезеңдегі гипертониялық ауру, қызбалық күй (лихорадка), экзема, дерматит,

электродтар орналасқан жердегі тері бетінің тұтастылығының кең көлемді бүлінуі мен терінің сезімталдығының берекесіздігі, қан кетуге бейімділік, жүктілік, гальваникалық токқа жекелей төзімділігі.

Дәрмектік электрофорездің көрсетілімдері:

өте кең- енгізілетін препараттың фармакотерапевтік қасиеттерімен анықталады, осы кезде тұрақты токты қолдануға көрсетілімдерін есепке алу керек.

Дәрмектік электрофорезге қарсы көрсетілімдер гальванизацияға арналған қарсы көрсетілімдердей, және де дәрмектік заттарды жекелей төзуге болмайтындығы.

Дата добавления: 2015-05-26 ; просмотров: 2861 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

источник

Физиотерапия бөлімшесінде қолданылады:

1. Төменгі жиілікті импульстық терапия

Қуаты төмен электр тоғы І-ІІІ дәрежелі артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, вегетативті дистониялар, орталық және шеткері жүйке жүйелерінің аурулары мен жарақаттары, неврастения мен басқа да аурулар, моторлық және секрециялық бұзылыстармен қатар жүретін ас қорыту мүшелерінің аурулары, көз аурулары, брон демікпесі, пневмония, бронхиттер, жарақаттық, ревматоидты және хзат алмасу салдарынан болған артриттер, остеоартроздар, аяқ қантамырларының тарылу сырқаттары, диабеттік ангиопатия, нейропатия, жүйке жүйесінің вертеброгендік аурулары, сүйектердің сынуы кезінде ағзаға дәрі-дәрмектерді енгізу немесе емдеу (электрофорез) үшін қолданылады.

Диадинамотерапия

Тұрақты аз мқлшердегі төмен жиілікті тоқ жүйке жүйесінің перифериялық аурулары: неврит, плексит, радикулит, невралгия; жарақаттар салдары: тіндердің соғылуы, созылуы, омыртқаның, буындардың дегенеративті сырқаттары, мигрень, Рейно ауруы, асқазан дискинезиясы кезіндегі емдік мақсаттарды қолданылады.

Амплипульстерапия

Амплипульстерапия — 10 — 150 Гц аралығындағы шек амплитудасы бойынша 5000 ГЦ жиіліктегі ауыспалы синусоидальді тоқтармен әсер ету.

Сонымен бірге амплитудалық тамырдың соғуы бөлек импульстық тоқтар ретінде тіндердің тереңдігіне әсер етеді. Амплипульстерапия жүйке жүйесінің ауырсыну белгілері бар перифериялық аурулары (невралгия, неврит, вертеброгендік цервико-, тораколюмбалгия, нейромиозит), нейропатия, артериялық гипертония, бронхит, бронх демікпесі, асқазан мен он екі ішектің жарасы, рефлюкс-эзофагит, өт қалбыршағының гипотониялық және гипокинетикалық бұзылулары, семіздік, қант диабеті, ревматоидты артрит, деформацияланған остеоартроз, перифериялық қанайналым бұзылыстары кезінде қолданылады.

Электрлік ұйқы

Электрлік ұйқы – бұл тұрақты импульстың тоқ арқылы пациенттің орталық жүйке жүйесіне әсер ету негізінде жасалатын нейротропты терапия әдісі. Электрлік ұйқының емдік әсері: транквилизациялық, седативті, спазмолитикалық, трофотропты, секрециялық, ауырсынуды басады, артериялық қан қысымды төмендетеді. Ұйықтататын дәрілермен бірге қолданға кезде осы әдістің тиімділігі арта түседі.

Электрлік ұйқы ағзаның барлық қызметтік жүйесіне реттеуші және қалыпқа келтіруші әсері бар, гомеостазды қалпына келтіреді.

Көрсетілім: жүйке жүйесінің сырқаттары (реакциялық және астениялық жағдай, түнгі ұйықының бұзылу, логоневроз), неврастения, соматоформалық синдромдар, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (бас миы қантамырларының алғашқы сатыдағы атеросклерозы, жүректің ишемиялық ауруы, I-III ФК стенокардия, артериальды гипертония), асқазан мен он екі ішектің жарасы, бронх демікпесі, нейродермит, экзема, энурез, вегетативті дисфункции, климакс, жүкті әйелдер токсикозы.

Дарсонвализация

Дарсонвализация жоғары кернеу және аз қуатты ауыспалы жоғары жиілікті импульстік тоқтың адам ағзасына әсер етуі негізіндегі емдік әдіс. Дарсонвализацияның емдік әсері: жергілікті жансыздандырушы, трофикалық, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, бактерицидті, вазоактивті.

Көрсетілімдері: перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (невралгия, нейропатия, вегетативті полинейропатия, омыртқаның невралгиялық көріністері бар остеохондрозы), жүрек-қантамыр жүесінің сырқаттары (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қан тамырлардың тарылуы мен эндартерит, Рейно синдромы), геморроидальды және қол-аяқтың варикозды кеңеюі, жараның баяу жазылуы, терінің қышуы, экзема, псориаз, шаштың түсуі, функциональды кардиалгия, цефалгия, артралгия, вазомоторлық ринит, есту жүйкесінің невриті, отит, парадонтоз, миалгия.

УЖЖ және СЖЖ-терапия

Емдік әсерлері: қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, қантамырларды кеңейтетін, спазмолитикалық, бронхолитикалық, миорелаксті, трофико-регенераторлық, ісінуге қарсы, бактериостатикалық, фиброздаушы.

Қабынуға қарсы, соның ішінде ағзалар мен тіндердің іріңді жараларын, перифериялық жүйке жүйесініңаурулары (невриттер, плекситтер, неврологиялық көріністері бар остеохондроз), қантамыр аурулары (тарылған эндартериит, жедел флебиттер), артериялық гипертензия, трофикалық жаралар, ұзақ жазылатын жаралар, ойық жаралар, бронх демікпесі, ревматоидты артрит УЖЖ-терапияның көрсетілімдері болып табылады.

Магниттік терапия

Магниттік терапия – бұл тұрақты, ауыспалы төмен жиілікті және импульсті магниттік өрісті емдік-профилактикалық және реабилитациялық мақсаттарда қолдану.

Емдік әсері: гипотензивті, гипокоагулятивті, вазоактивті, қабынуға қарсы, ісікке қарсы, трофикалық, ауыруды басатын, репаративті үдерістерке әсер береді.

Төменгі жиілікті және импульсті магниттік өріс тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-қантамыр жүйесін, тыныс алу ағзаларының ауруларын, ас қорыту ағзаларын, пиелонефриа, цистит, гинекологиялық ауруларды, орталық және шеткері жүйке жүйесінің ауруларын, ЛОР-ауруларын емдеу мен бассүйек-ми жарақаты мен инсультті емдеуде қолданылады.

источник